Halyk Bank 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы таза пайдасын 26,8% ұлғайтты. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда өсіп, 809,935 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мұндай мәліметтер банктің қаржылық есебінде көрсетілген. Пайданың артуына негізгі себептер:
2025 жылдың тоғыз айында банк активтері 10% өсіп, 20 трлн 410,346 млрд теңгеге жетті.
Клиенттерге берілген кредит көлемі 8,3% артып, 12 трлн 419,956 млрд теңге болды.
Halyk Bank міндеттемелері 10,7% өсіп, 17 трлн 142,708 млрд теңгеге, ал меншікті капиталы 6,5% өсіп, 3 трлн 267,638 млрд теңгеге жетті. Клиенттердің банкке салған қаражаты 9% көбейіп, 14 трлн 163,375 млрд теңге болды.
АНЫҚТАМА
Halyk Bank — акционерлік қоғам, оны Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваларға тиесілі «АЛМЭКС» холдингі бақылайды.