×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

"Баспасөз өліп барады, ал сіз үнсізсіз". Журналист "Қазақ газеттері" төрағасына үндеу жасады

Бүгін, 15:10
"Баспасөз өліп барады, ал сіз үнсізсіз". Журналист "Қазақ газеттері" төрағасына үндеу жасады
ortcom.kz

«Семей таңы» газетінің бас редакторы Риза Молдашева әлеуметтік желіде «Қазақ газеттері» АҚ төрағасы Дихан Қамзабекұлына үндеу жасады. Ол 2026 жылға жазылу науқаны басталғалы ел арасында туған дүрбелең мен аймақтық басылымдар мен «Қазпоштаның» дауына қатысты төрағаның үнсіз қалуын сынға алды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Молдашеваның айтуынша, «Егемен Қазақстан» газетіне жазылу бағасының 27 мың теңгеге көтерілуі — оқырманға да, жалпы журналистикаға да «ашық шабуыл». Ол мұндай шешімнің неге қабылданғанын түсіндіруді талап етті.

Редактордың жазуынша, «Қазпошта» көрсететін қызмет құнын 141% көтеріп, аптасына бес рет шығатын газеттерді тек екі рет таратуды жоспарлаған. «Екі апта кешігіп баратын газетті кім оқиды?» деп сұрады ол. Оның пікірінше, газеттің уақытында жетпесе, баспасөз өледі, ал қағаз басылымның әлсіреуі ұлттың ақпараттық иммунитетінің құлдырауына себеп болады.

Молдашева қазіргі жағдайда «Қазақ газеттері» АҚ-ның үнсіз қалуын сынға алып, миллиардтаған бюджет қаржысын алатын ұйым дағдарыс кезінде белсенді позиция көрсетуге тиіс екенін айтты.

– Журналистер күресіп жатыр, өңірлік басылымдар шырылдап отыр, халық наразы, ал “Қазақ газеттері” – үнсіз, - дейді ол.

40 жылдық журналистік тәжірибесі бар Молдашева ауылдағы оқырмандардың «ескіріп жеткен газетті отқа жағамыз» деген сөзін мысалға келтіріп, бұл жағдайды «журналист еңбегіне және ұлттың ақпараттық мәдениетіне құрметсіздік» деп бағалады.

Ол сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы биік деңгейі төмендеп кеткенін атап өтіп, Сауытбек Әбдірахманов, Ержұман Смайыл, Жанболат Ауыпбай басқарған кезеңдермен салыстырды.

– Баспасөз өліп бара жатыр. Ал сіздің үнсіздігіңіз — сол өлімге келісім бергенмен тең, – деді Молдашева.

Еске салайық, бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметі құрылымында жалған ақпаратпен күрес орталығы жұмысын бастағанын жазған едік.

 

 

Серіктес жаңалықтары