×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Қамауда отырған марафоншы Жыланбаев бір айдан астам уақыттан бері аштық жариялап отыр

Бүгін, 11:56
Қамауда отырған марафоншы Жыланбаев бір айдан астам уақыттан бері аштық жариялап отыр
Ulysmedia

Қамаудағы белсенді әрі марафоншы Марат Жыланбаоевтың адвокаты Денис Малюга Степногорск колониясына барған кезде қорғауындағы азаматқа кіре алмағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Заңгердің айтуынша, түрме әкімшілігінің мұндай әрекеті әрі сотталушының, әрі адвокаттың құқын бұзады.

Малюганың сөзінше, Жыланбаев 33 күннен бері ас ішпеген. Соған қарамастан, мекеме өкілдері оны неге кіргізбегенін түсіндірмеген және сотталушының жағдайы туралы да ақпарат бермеген.

Адвокат болған жайт оған үлкен күмән тудырып отырғанын атап өтті.

– Менің субъектив пікірім бойынша, мұнда бір нәрсе дұрыс емес. Не Мараттың денсаулығына байланысты мәселе бар, не ол дайындап жатқан кассациялық шағымға қатысты қиындық туындап отыр, –  деді ол.

Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кездесудің «процедуралық себептерге» байланысты өтпей қалғанын мәлімдеді.

МАРАТ ЖЫЛАНБАЕВ КІМ?

Марат Жыланбаев – әлемге әйгілі супермарафоншы. Ол Азия, Африка, Аустралия және Америка құрлықтарындағы ең ірі шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өткен тарихтағы тұңғыш және жалғыз адам.

Ол Гиннестің рекордтар кітабына енген жеті әлемдік рекордтың иесі және олардың көбі 1990-жылдардың басында жасалғанына қарамастан, әлі күнге дейін жаңартылмаған. Өз спорттық мансабында ол 160 мың шақырымнан астам қашықтықты жүгіріп өткен.

Жыланбаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, марафоншылар мен ультрамарафоншыларға арналған ерекше дайындық жүйесін жасаған жаттықтырушы.

Спорттан бөлек, ол саяси белсенділігімен де танымал. 2023 жылдың ақпанында Парламент сайлауына кандидат ретінде қатысып, ресми тіркеуден өткен, бірақ заңсыз үгіт жүргізді деген айыппен жарыстан шеттетілген.

Астана прокуратурасы оның Facebook парақшасында сайлау жарнасын төлеуге көмек сұраған жазбасын заң бұзушылық деп танып, 51 750 теңге айыппұл салған.

2023 жылдың қарашасында ол «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» баптары бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу нұсқасы бойынша, Жыланбаев оппозиционер Мұхтар Әблязовпен және оның шетелдегі штабымен байланыста болған. Ал оның жақтастары бұл айыптауларды саяси астары бар, қолдан жасалған іс деп есептейді.

Халықаралық құқық қорғаушылар Марат Жыланбаевты саяси тұтқындар тізіміне енгізген.

Серіктес жаңалықтары