×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

"Тамаша ойнады": Бельгия құрамасының жаттықтырушысы Анарбековқа тәнті болды

Бүгін, 13:40
"Тамаша ойнады": Бельгия құрамасының жаттықтырушысы Анарбековқа тәнті болды
Getty Images/KFF

Бельгия құрамасының бас бапкерінің ассистенті Клод Фишо 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің ойынын жоғары бағалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Біз ойынға мұқият дайындалып, нақты жоспар құрдық. Екінші таймда ойлағанымыздың бір бөлігін көрдіңіздер. Бірақ айта кету керек: Қазақстан қақпашысы керемет ойнады, ол жеке мадақтауға әбден лайық, – деді Фишо.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 15 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті. Іріктеу кезеңі қорытындысы бойынша Қазақстан 8 ұпай жинады. Ал Бельгияда соңғы матч алдындағы көрсеткіш — 15 ұпай.

Серіктес жаңалықтары