Мемлекеттік кірістер комитеті ресейлік БАҚ-та тараған мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресейге жеңіл көліктерді тасымалдайтын автовоздар Қазақстан–Ресей шекарасында жаппай жиналып тұр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай мәліметті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынды.
— Қазіргі уақытта Ресей Федерациясымен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерінде автовоздар жиналуы тіркелген жоқ. Өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, — деп хабарлады ведомство ТАСС агенттігіне.