×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Қазақ тілін қалай «тірілтеміз»: анимация, хоррор, фэнтези

Бүгін, 19:10
Қазақ тілін қалай «тірілтеміз»: анимация, хоррор, фэнтези
Ulysmedia коллажы

Қазақ тілін үйренуде шешуші рөлді тек мектеп емес, бұқаралық мәдениет те атқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Ситуативті қазақ тілі» атты үш томдықтың авторы, «Мәміле» сөйлесу клубтарының негізін қалаушы Қанат Тасыбековтің айтуынша, қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақ көбіне орыстілді медиакеңістікке батып кеткен: мультфильмдер, сериалдар, әндер. Сондықтан ол қазақ тілінде тартымды контент жасауды ұсынады: анимация, подкаст, фэнтези, хоррор, комедия жанрларында.

– Бала қазақ балабақшасына барса да, орысша сөйлей беруі мүмкін, себебі оның ақпараттық әлемі түгелдей дерлік орыс тілінде. Бізде өз мифологиямыз, сюжеттеріміз, кейіпкерлеріміз бар. Осыдан керемет хикаялар жасауға болады – оларды «тіл үшін» емес, қызық болғаны үшін көретін болады. Маған ең бастысы – адамдар қазақ тілінен қорықпаса екен, қателесуден ұялмаса екен деймін. Егер сіз қазақ тілін балалармен, көршілермен, дүкенде аздап болсын қолдана бастасаңыз, ол сізге жауап қайтара бастайды, – деді Тасыбеков top-news.kz сайтына берген сұхбатында.

БҰҒАН ДЕЙІН

28 қазанда Алматы әкімдігіне қырыққа жуық белсенді мен ата-ана барып, қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Тәпенұлы мен ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Есенбековтен Бостандық ауданында ашылатын №224 мектепке қатысты түсініктеме беруді талап етті. Олар 2500 балаға арналған мектеп қаза тілінде бола ма, жоқ әлде аралас бола ма? деген сұраққа жауап беруді сұрады. Ата-аналардың сөзінше, әу баста мектеп жарғысында білім беру жүйесі қазақ тілінде деп жазылған. Алайда, пайдалануға берілер тұста, оның аралас болатыны белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары