×
522.19
606.42
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.19
606.42
6.47

Астанаға Пашинян келеді: не талқыланады

Бүгін, 20:40
Астанаға Пашинян келеді: не талқыланады
Ашық дереккөзден

Астанаға Армения Премьер-министрі Никол Пашинян келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы “Ақорданың” телеграмм арнасы хабарлады. 

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Премьер-министрі Никол Пашинян 20-21 қараша күндері Астанаға ресми сапармен келеді Сапар бағдарламасы аясында екі ел делегацияларының қатысуымен келіссөздер өтіп, Қазақстан мен Армения арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады” – деп жазды арнада. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың арағайындығымен Ақ үйде бейбіт келісімге қол қойды. Құжатта қақтығысты толық тоқтату, дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру, Әзербайжан мен Нахичеванды Армения аумағы арқылы жалғайтын көлік дәлізін ашу (АҚШ консорциумының бақылауында), ЕҚЫҰ-ның Минск тобын тарату және АҚШ-тың Бакумен әскери ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастау қарастырылған.

Ал биыл шілдеде Армения Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуға өтініш берген еді.

Серіктес жаңалықтары