×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Еңбек пен өнердің тоғысуы: ERG Қазақстанда бірегей муралдар жасады

Бүгін, 11:28
Еңбек пен өнердің тоғысуы: ERG Қазақстанда бірегей муралдар жасады
Фото: ERG

ERG биыл екі бірдей айтулы шара – Жұмысшы мамандықтар жылы мен Абайдың 180 жылдығын кең ауқымды шығармашылық жобамен түйіндеді. Қазақстанның әр тарабындағы Топ кәсіпорындары орналасқан қалалардың көпқабатты үйлері мен өнеркәсіп ғимараттарына еңбек адамдары мен елдің мәдени мұрасын паш еткен 7 мурал салынды. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Лисаков қаласы көш бастап, онда 9 қабатты үйдің бір қабырғасы түгел муралға айналды. Арт-нысан қала күні мен «Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ-ның 75 жылдығына орайластырылған. Композицияда Абай Құнанбайұлының «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген қанатты сөзі мен тау-кен өндіру саласындағы негізгі мамандықтар бейнесі шебер үйлестірілген.

 

Игілікті істі ERG Service-тің Павлодар машина жасау зауыты жалғап, дәнекерлеу-құрастыру цехының қасбетіндегі 500 шаршы метр аумаққа мурал салды. Онда да еңбек адамының бейнесі мен Абайдың «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар» деген нақылы тұр. ERG-дің тұрғын үй бағдарламасы аясында «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мамандарына берілген көпқабытты үйді де осындай тәрбиелік мәні бар тәлімді мурал безендірген.

Қостанай облысы Октябрьский кентінің Омаров көшесіндегі үйдің қасбетіне үлкен панно салынды. Онда КБКБ-ның алғаш іргетасын қалаған мамандарының бірі бейнеленіп, Абайдың «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірің сөйле сөзің тосып» атты насихаты айшықталған.

ERG Service-тің Рудныйдағы Жөндеу-механикалық метал илемдеу зауыты аумағында да ауқымды іс атқарылды. Компанияның 10 жылдық мерейтойына  орайластырылған муралдан да Абай мұрасын табасыз.

Ақтөбеде шеберлер «Қазхром» ТҰК» АҚ-на бірден 2 мурал арнады. Біріншісі – тұрғын үйдің қасбетін, екіншісі – зауыттың балқыту цехын безендіріп тұр. Өмірде бар, өндірісте жүрген мамандарды бейнелеген муралды Абайдың мол мұрасы толықтырып тұр.

ERG-дің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов бұл бастаманың компанияға маңызы ерекше екенін атап айтты:

- Біз кәсіпорындарымыз орналасқан, қызметкерлеріміз тұрып жатқан қалаларды тек әдемі безендіріп қоймай, елдің өндірісін өрге сүйреп жүрген еңбек адамдарының маңызын айшықтағымыз келді. Муралдарды «олардың еселі еңбегіне берілген ерекше баға» деуге болар. Абайдың 180 жылдығы аясында ұлы ақынның мол мұрасын қазіргі заманғы көше өнерімен  шебер жымдастырып, қаланы тек көрікті ғана емес, тәрбиелік-танымдық мәні бар дүниелер жасағымыз келді.

Барлық нысанға тегіс біркелкі ERG-дің фирмалық гаммасына сәйкес визуалды стиль мен түстер таңдалды. Туындыларда ұлттық ою-өрнек, қызметкерлеріміздің бейнесі мен көлемді айшықтар геометриялық пішіндер де кеңінен қолданылды.

ERG-дің бұл жобасы өндірістегі еңбек адамдары мен елдің мәдение мұрасына деген құрмет. Ол индустриалды аймақтар мен загамауи өнерді ұштастырып, қала көшелерінің көркін кіргізіп, ажарын ашуға бағытталды.

EURASIAN RESOURCES GROUP ТУРАЛЫ

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіріп, өңдейтін, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі. Топ Азия, Еуропа, Африка мен Америкада бизнес жүргізіп, өз өнімдерін әлемнің 40-тан астам еліне жеткізеді. Бүгінде 67 мың адам еңбек етіп жүрген ERG кәсіпорындары – өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. ERG-дің негізгі акционері (40%) Қазақстан Республикасының Үкіметі. ERG-дің бас кеңсесі Люксембургте.

ERG – феррохром мен кобальт өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі. Әлемдік нарыққа ірі мыс жеткізуші. Еуразия кеңістігіндегі ірі темір кені мен алюминий өнімдерін жеткізуші. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында.

Еуразиялық Топтың қуатты кәсіпорындары: «Қазхром ТҰК», «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты» (ҚЭЗ), «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК), «Шұбаркөл көмір», «3-Энергоорталық» АҚ және «ТрансКом» Көлік тобы мен ERG Service Қазақстанда орналасқан. ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы.

Африкада ERG мыс пен кобальт кендерін, мыс концентраты мен кобальт гидроксидін өндіреді. Конго Демократиялық Республикасындағы Frontier  кәсіпорны – ERG-дің мыс өндіруші басты зауыты. Ал осы өңірінде басқа компаниялардан ұзақ жылдар бойы қордаланып қалған мыс және кобальт қалдықтарын қайта өңдеумен айналысатын Metalkol кәсіпорны – әлемдегі ең ірі кобальт өндірушілердің бірі және ірі мыс өндіруші саналады. Топ құрлықтағы өзінің жеткізілімдер тізбегін Sabot атты арнайы көлік компаниясының көмегімен басқарады.

ERG Бразилияда Pedra de Ferro кен орнында темір кенін өндіру, Porto Sul теңіз порты мен FIOL құрлық аралық темір жолын біріктіретін кешенді BAMIN жобасын дамытып жатыр.

Серіктес жаңалықтары