×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Күтімге күйіп-жанған әйелдер: депутат әйелдерге жеңілдетілген жұмыс аптасын талап етті

Күтімге күйіп-жанған әйелдер: депутат әйелдерге жеңілдетілген жұмыс аптасын талап етті
Фото. parlam.kz

Мәжілісте балаларға, науқас немесе қарт туыстарына күтім жасайтын әйелдердің жүктемесін жеңілдету мәселесі көтерілді. Депутаттар премьер-министрге тиісті ұсыныстарын жолдап, жұмыс кестесін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутат Ажар Сағындықова өз сауалын жариялап, Қазақстандағы әйелдердің күнделікті жүктемесі шамадан тыс екенін атап өтті. Оның айтуынша, әйелдер күніне орта есеппен 480 минут жұмыс істейді, оған қоса тағы 246 минутын үй шаруасына және жақындарына күтім жасауға жұмсайды.

- Тең еңбек құқығына қарамастан, әйелдер күн сайын ақы төленетін жұмысты, бала тәрбиесін, үй шаруасын және қарт не науқас туыстарға күтімді қатар алып жүр, – деді депутат.

Оның мәліметінше, үйдегі барлық күтімнің басым бөлігі әйелдердің мойнына түсіп, тәуліктік жүктеме 13 сағатқа жетеді. Бұл олардың денсаулығына, эмоциялық жағдайына және өмір сапасына кері әсер етеді. Сонымен бірге, еңбек нарығындағы гендерлік айырмашылық та әйелдердің экономикалық осалдығын күшейтіп отыр.

Сағындықова әсіресе ерекше күтімді қажет ететін балаларға немесе ауыр науқас туыстарына қарайтын әйелдердің жағдайын атап өтті. Мұндай күтімнің көлемі күніне шамамен алты сағат. 

- Бұл – заңда ескерілмеген, арнайы кепілдігі жоқ үшінші "жұмыс күні", – деді ол.

Депутаттың айтуынша, қазіргі заңнамалық кепілдіктер мұндай әйелдерді жеке қолдау тобы ретінде қарастырмайды, ал жұмыс сағатын қысқартса, олардың жалақысы да автоматты түрде азаяды.  Ажар Сағындықова әйелдердің жүктемесін азайту үшін бірқатар шараларды ұсынды. 

- Күтім мен жұмысты қатар атқаратын әйелдерге жалақысы сақталатын қысқартылған жұмыс аптасын енгізу және ауыр науқастарға немесе ерекше қажеттіліктері бар балаларға қарайтындарға жылжымалы жұмыс сағаттарын белгілеу қажет, – деді ол. 

Сонымен қатар, мұндай қызметкерлер үшін икемді жұмыс кестесінің үлгілік модельдерін бекітетін нормативтік актілер әзірлеуді, қашықтан немесе аралас форматта жұмыс істеуге басымдық беруді және жұмыс уақытын қысқарту құқығын пайдаланғаны үшін кемсітушілікке жол бермеуді ұсынды.

КОНТЕКСТ 

Бүгінгі мәжіліс отырыында депутат Қарақат Әбден де осы мәселені көтеріп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевқа ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мүмкіндігі туралы сұрақ қойған еді. Ертаевтың айтуынша, жұмыс беруші мен жұмыскер еңбек шартын жасағанда жұмыс уақытын өзара келісуге құқылы. Мысалы, жұмыс күнін таңғы 8:00–18:00 немесе 9:00–17:00 аралығында белгілеуге болады.

Серіктес жаңалықтары