×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Базарбек Алматы мен Астанадағы заңсыз нысандарды өткір сынады

Базарбек Алматы мен Астанадағы заңсыз нысандарды өткір сынады
Ulysmedia.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматы мен Астанадағы құрылыс саласындағы заңсыздықтарды, соның ішінде сот шешімімен бұзылуы тиіс нысандардың әлі күнге дейін сатылып, тіпті несиеге рәсімделіп жатқанын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутаттың айтуынша, екі қалада ондаған тұрғын үй кешені сотпен бұзуға бекітілгеніне қарамастан, әлі күнге дейін пайдаланылып, саудалануда. Тіпті банктер мұндай қауіптің барын біле тұра, пәтерлерге несие беруді жалғастыруда.

Базарбек бұл жағдай тек құрылыс компанияларының кінәсі емес екенін атап өтті. 

- Неліктен мұндай келісімдерді мақұлдағандар жауапқа тартылмайды? Бұзылуы тиіс деп ресми танылған үйлерге несие бергендер де тексерілуі керек, — деді ол.

Ол Алматыдағы 20-ға жуық нысанның «тұрақсыз күйде» тұрғанын, кей тұрғындардың техниканың кіруіне әдейі кедергі келтіріп, бұзу процесін тежейтінін, сондай-ақ Алматы ипподромының жері жасырын түрде құрылысқа беріліп кету қаупі барын айтты. Астанадағы жағдай да күрделі екенін айтты. Қала тұрғындары Талдыкөл маңындағы құрылысқа қарсы шығып, көлдердің «аумақты дамыту» деген желеумен жойылып кетпеуін талап етіп отыр.

Депутат қаладағы бұл мәселелер тұрғындардың құқығына ғана емес, қалалардың экологиясы мен қауіпсіз дамуына да үлкен нұқсан келтіретінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары