×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Жүргізушілерге айыппұлдың тағы бір түрі салынуы мүмкін

Бүгін, 17:01
Жүргізушілерге айыппұлдың тағы бір түрі салынуы мүмкін
Фото: kolesa.kz

Алматыда «вафельді» жол белгісін бұзғандарға жақында айыппұл салынады. Қаланың кейбір қиылыстарында орнатылған «вафельді» таңбада тоқтау ережесін бұзған жүргізушілерді енді камералар арқылы тіркеп, әкімшілік жаза қолданады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл жол белгісі Алматыда алғаш рет 2020 жылы пайда болған, ал 2024 жылы жол қозғалысы ережелеріне ресми түрде енгізілген, деп жазады kolesa.kz. Қазір «вафельді» таңба қаланың он қиылысында бар.

КӨШЕЛЕР

22 қарашадан бастап бес ірі қиылыста орнатылған 43 камера «вафельді» разметка ережесін бұзу жағдайларын бақылауға алады:

  • Абая — Тұрғыт Озал

  • Абылай хан — Бөгенбай батыр

  • Наурызбай батыр — Сәтпаев

  • Абай — Момышұлы

  • Назарбаев — Абай

Желтоқсан айында бұл талап тағы бірнеше қиылыста енгізіледі.

Ережені бұзған жүргізушілерге 3 АЕК, яғни 11 796 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары