×
521.01
603.43
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.01
603.43
6.42

Декреттегі әкелер өте көп - Аймағамбетов

Бүгін, 22:10
Декреттегі әкелер өте көп - Аймағамбетов
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда декреттік демалысқа шығатын әкелер көп. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін Мәжіліс депутаттары еңбек жағдайының қауіпсіздігін жетілдіру және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылау барысында әкелердің құқықтарын қорғауға бағытталған түзетуді қарады.

«Бүгінде жұмыссыз ана үш жасқа дейінгі баламен үйде отырса, бұл кезең оның еңбек өтіліне есептеледі. Ал әкелерде мұндай құқық жоқ. Біз осы теңсіздікті жоюды ұсынамыз. Егер балаға әкесі қараса, бұл кезең де оның еңбек өтіліне енгізілуі тиіс. Бұл – тек әлеуметтік әділеттілік қана емес, сонымен қатар отбасылық рөлдер мен ата-аналық жауапкершілік теңдігін қалыптастыруға бағытталған қадам», – деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Кулуарда журналистер депутаттан:

«Қазақстанда декретке шығатын әкелер көп пе?» – деп нақтылады.

“ОНДАЙ ӘКЕЛЕР ӨТЕ КӨП”

Аймағамбетов нақты сан айтпағанымен, мұндай азаматтар аз емес екенін, олардың арасында мемлекеттік қызметшілер де бар екенін жеткізді.

«Таңғалуыңыз мүмкін, бірақ бүгінде ондай әкелер өте көп. Мен Білім министрлігінде жұмыс істедім, мемлекеттік қызметте жүрген көптеген азаматтардың бұл құқықты пайдаланып, декретке шыққанын білемін. Мұндай жағдайлар әскери құрылымдарда да болды. Мұны ашық мойындау керек: ата-аналар отбасында кімнің табысы жоғары болса, сол жұмысын жалғастырып, екіншісі декретке шығады деп шешім қабылдайды», – деп түсіндірді депутат.

Аймағамбетовтің айтуынша, әкелердің декретте өткізген уақытын еңбек өтіліне қосу – болашақта жоғары базалық зейнетақы алу үшін маңызды.

«Шын мәнінде, бұл – балалармен үйде отырған, бірақ еңбек өтілі есептелмеген ер адамдар үшін үлкен қолдау», – деп қосты депутат.

СТАТИСТИКА 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұрын жариялаған деректеріне сәйкес, 2024 жылы бала күтімі бойынша демалысты 477 ер адам рәсімдеген. Ал 2023 жылы 1,5 мыңнан астам әке декреттік әлеуметтік төлем алған.

Серіктес жаңалықтары