Елордалық құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай реестріне енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, кеше белгісіз адамдар Ulys Media сайтын бұзып, Самал Ибраеваның және оның бүкіл отбасының, оның ішінде балаларының жеке мәліметтерін жариялап жіберген болатын.
Бұл Қазақстанда журналистерге жасалған алғашқы шабуыл емес. Бұған дейін Динара Егеубаеваның көлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен. Оның алдында Ел Медиа кеңсесінің терезесін біреулер шағып кетті. Ал бүгін түнде журналист Вадим Борейконың есігіне біреулер клей-көбік жағып, қорқытпақ болған.