Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,10 қаңтардан бері қалада көктайғақтан зардап шеккен 216 адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі түрлі дене жарақатын алған. 11 тұрғынды үсік шалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жыл басынан қатты аязда үсіп қалған бір адам көз жұмды. Оның тұрғылықты мекенжайы болмаған. Аяз кезінде сыртқы киім мен аяқ киімге ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, суық күндері бірінші кезекте балалар мен қарт кісілерді үсік шалуы мүмкін. Аяз күндері сыртта көп жүрмей, барынша сақтану керек»,- деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, Алматыда 12-16 қаңтар күндері қатты аяз болды. Төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасы -25 градусқа жететінін ескерткен.