×
519.41
600.85
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.41
600.85
6.41

Ермегияевтің адвокаты Бас прокуратураны жеңіп шықты

Бүгін, 19:40
Ермегияевтің адвокаты Бас прокуратураны жеңіп шықты
Ulysmedia коллажы

Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында адвокат Анара Құсайынованың Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қарсы талап-арызы қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘЛІМЕТТЕР

Анара Құсайынова — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болған Талғат Ермегияевтің адвокаты. Құсайынова қадағалау органының қызметкерлерінің әрекеттерін заңсыз деп тануды талап етті. Олар оған Бас прокурор Берік Асыловпен жеке кездесу өткізуге рұқсат бермеген. Адвокаттың айтуынша, бұл оның қорғауындағы Талғат Ермегияевтің прокуратураның ең жоғары лауазымды тұлғасына жүгіну құқығын бұзады және адвокаттық қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіреді.

Судья Жанар Дүйсенова талапкердің уәждерімен келісіп, талап-арызды қанағаттандырды. Ол қадағалау органына Құсайынованың Бас прокурормен жеке қабылдауға жазылу туралы өтінішін қайта қарауды міндеттеді.

ЦИТАТА

Сот Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 151, 152 және 153-баптарын басшылыққа ала отырып, шешім қабылдады: Анара Бақытқызы Құсайынованың «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» мемлекеттік мекемесіне қарсы жеке қабылдауға жазылу туралы өтінішті қарамау бөлігіндегі әрекетсіздікті заңсыз деп тану және өтінішті қарау түріндегі әрекетті жасауға міндеттеу туралы әкімшілік талап-арызы қанағаттандырылсын. Құсайынованың Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен жеке қабылдауға жазылу туралы өтінішін қарамау түріндегі «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» мемлекеттік мекемесінің әрекетсіздігі заңсыз деп танылсын, — деп жариялады шешімді судья.

БҰҒАН ДЕЙІН

Адвокаттар Анар Құсайынова мен Қуаныш Төлегенов бірнеше айдан бері Бас прокурор Берік Асыловтың жеке қабылдауына кіре алмай жүргенін жазған едік. Олардың Асыловқа айтсақ дейтін асыл арманы бар. Сот үкіміне кассациялық тәртіппен наразылық білдіру туралы өтінішке бас прокуратураның бас тартуы және кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат бермеуі Бас прокурордың есігіне телмірткен.

Ulysmedia.kz тілшілері қатысқан соттың алдын ала тыңдауында бәрі күтпеген әсер қалдырды.

ТАЛҒАТ ЕРМЕГИЯЕВ

Талғат Ермегияев – 1969 жылы 7 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолында бірнеше маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі болып тағайындалды. Кейін 2012–2013 жылдары Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол елдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және халықаралық спорттық жобаларды жүзеге асыруға қатысқан. 2013 жылдың қаңтарында Талғат Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл компания 2017 жылы Астанада өткен халықаралық көрмені ұйымдастырумен айналысқан. Ермегияев осы көрменің дайындық кезеңінде жетекшілік етіп, жобаның халықаралық деңгейде жүзеге асуына жауапты болды. 2015 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулармен қамауға алынып, кейін сотталды. 

Серіктес жаңалықтары