×
518.19
597.32
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.19
597.32
6.43

Қазақстаннан кетіп қалған Мұратов қай елде екенін айтудан бас тартты

Бүгін, 09:36
Қазақстаннан кетіп қалған Мұратов қай елде екенін айтудан бас тартты
Фото: bereau.kz

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбаев (Мұратбай), Өзбекстанға экстрадиция қаупі төніп тұрған сәтте, Қазақстаннан кетіп қалғаннан кейінгі өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Белсенді “Азаттыққа” берген сұқбатында ұшақ Алматыдан ұшып кеткенше қуаныш сезімі болмағанын жеткізді. 

Көп нәрсені әзірге айта алмаймын. Бірақ соңғы минутқа дейін қысымды сездім. Түркия транзит аймағы болды. Стамбұл арқылы Батыстың бір еліне кеттім. Стамбұлда мені алып кету қаупі де болды. Ердоған режимін де демократиялық деп айта алмаймыз. Стамбұлдан ұрлап әкеткен қарақалпақ белсендісі Жұмасапар Дәдебаев кейсі бар. Осы елге қонғанша қауіп болды, дейді белсенді. 

Сонымен қатар, белсенді әзірге қай елге кеткенін айта алмайтынын жеткізді. Бұған дейін Мұратов Батыстың демократиялық елдерінің біріне барғаны хабарланған еді

- Себебі өзге қарақалпақ белсендісі Расул Жұманиязовтың жағдайына алаңдаймын. Ол Астанада қамалып, бір жыл отырып шықты. Соны үшінші елге шығару бойынша әрекет жүріп жатыр. Әзірге, осы 12 қарашаға дейін оны қай ел қабылдай алатыны белгілі емес. Расул Жұманиязов елден шығып кетпейінше, мен қай елге кеткенімді айта алмаймын. Өз қауіпсіздігімді емес, сол жігіттің шығуына кедергі болмасын деп отырмын, дейді Ақылбек Мұратов.

МҰРАТОВ ТУРАЛЫ

Ақылбек Мұратов – Өзбекстан азаматы. 2010 жылдан бері Қазақстанда тұрады, қамауға алынғанға дейін Қарақалпақстандағы оқиғаларды белсенді түрде жариялап келген.

ҰСТАЛУЫ МЕН ҚАМАУҒА АЛЫНУЫ

2024 жылы 15 ақпанда сағат 21:50-де ішкі істер министрлігінің екі қызметкері Ақылбек Мұратовты үйінен алып кеткен. Артынша Алматыдағы сот Мұратовты 40 тәулікке қамауға жіберді. 

Серіктес жаңалықтары