×
518.19
597.32
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.19
597.32
6.43

Елде 250-ге жуық процедуралық кабинеттің жұмысы тоқтатылды

Елде 250-ге жуық процедуралық кабинеттің жұмысы тоқтатылды
Фото: Getty images

Қазақстанда жүргізілген тексерістер нәтижесінде жүздеген жеке медициналық нысандарда заңбұзушылықтар анықталып, олардың елеулі бөлігі қызметін өз еркімен тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жабылған 247 кабинет және 15 млн тг айыппұл

Министрлік мәліметінше, мониторингтік топтар 406 нысанды анықтаған. Олар медициналық қызметті лицензиясыз жүзеге асырып, санитарлық талаптарды сақтамаған. Сондай ақ, дәрілік заттар дұрыс сақталмаған және қызметкерлері білікті медицина мамандары емес. Оған қоса, шұғыл көмек көрсетуге арналған қажетті жабдықтармен қамтылмаған.

247 процедуралық кабинет түсіндіру жұмыстарынан кейін қызметін ерікті түрде тоқтатты. Сондай ақ, бұзушылықтар бойынша 122 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 15 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Тексерулер жалғасуда

Қалған нысандарға қатысты жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп жатыр. Бүгінде 84 процедуралық кабинет бойынша тексерулер толық аяқталған.

Министрлік ақпарынша, процедуралық кабинеттер жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандар саналады. Сондықтан олар денсаулық сақтау саласының талаптарына қатаң сәйкес болуы тиіс.

Сонымен қатар, қолданыстағы ережелерге сәйкес, орта буын медицина қызметкерлеріне инвазивті процедуралар жүргізуге рұқсат берілмейді. Бұл лицензиясыз қызмет көрсетуге жол бермеуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары