×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маңғысау облысында жыл басынан бері 11 адам суға кеткен

24.09.2021, 18:53
Маңғысау облысында жыл басынан бері 11 адам суға кеткен
ашық дереккөз

Биыл Маңғыстау облысында суға кеткендердің саны өсіп кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, суға кеткен 11 адамның төртеуі тыйым салынған жерде, алтауы суға түсу үшін жабдықталмаған жерлерде суға түскен.

«Тағы бір жағдай суға түсуге рұқсат етілген «Самал» демалыс базасында болған. Сондай-ақ, суға түсу маусымында 19 ересек адам мен 1 бала суға батып кетуден құтқарылды», - дейді ол.

Жалпы, биыл шомылу маусымында облыста 654 рейд жүргізілген.