×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздік ісі: Атамбаевтың ұлы қамауға алынды

Бүгін, 09:09
Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздік ісі: Атамбаевтың ұлы қамауға алынды
akipress.org

23 қарашада Бішкектің Бірінші Май аудандық сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер тобына бұлтартпау шарасын өзгерту жөніндегі тергеу өтініші қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

24.kg мәліметінше, алдымен сот тергеу органының өтінішін қанағаттандырып, Темірлан Султанбеков, Эрмек Эрматов және Урмат Аскарбековті (Урмат Барыктабасов есімін ауыстырған) қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Олар 17 қаңтарға дейін тергеу изоляторына жіберілді.

Сот шешімімен 17 қаңтарға дейін Қадырбек Атамбаев (экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы), Шайлообек Атазов және Кубанычбек Кадыров та қамауға алынды.

Елдің экс-президентінің ұлы өзіне тағылған айыптың ауыр бапқа қайта сараланғанын хабарлады. Енді оған билікті күшпен басып алуға оқталды деген айып тағылып отыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін ІІМ Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруды жоспарлаған деструктивті топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын мәлімдеген еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, топ құрамына саясаткерлер, бұрынғы депутаттар, экс-шенеуніктер мен күш құрылымдарының қызметкерлері кірген. Олар арандату және күш қолдану арқылы қақтығыс ұйымдастыру үшін ҰҚТ өкілдерін және спорттық топтарды тартқан.

Серіктес жаңалықтары