Иманғали Тасмағамбетовтің орнына оның қазіргі орынбасары тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазір ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасарлары — ресейлік Валерий Семериков, қазақстандық Самат Ордабаев және Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков. Ulysmedia.kz дереккөздерінің хабарлауынша, дәл осы Масадыков Иманғали Тасмағамбетовтің орнына ұйымның жаңа бас хатшысы болмақ.
РЕСМИ АҚПАРАТ
Жаңа бас хатшының есімі ресми түрде 27 қарашада Бішкекте өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында жарияланады деп күтіледі. Еске салайық, Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері ұйымды басқарып келеді.
МАСАДЫКОВ ДЕГЕН КІМ?
Таалатбек Масадыков 1961 жылдың қаңтарында дүниеге келген. Үйленген, екі ұлы, қызы және үш немересі бар. Қырғыз, орыс, ағылшын және пушту тілдерін еркін меңгерген.
Дипломат, халықаралық қатынастар саласының сарапшысы, университет деңгейінде дәріс берген, сондай-ақ басқару және әкімшілік салаларында тәжірибесі бар.
2002 жылдың маусымынан 2014 жылдың қарашасына дейін 12 жылдан астам БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген. 2017 жылы Қырғызстан президенттігіне кандидат болды. 2024 жылдың қаңтарында ҰҚШҰ бас хатшысы орынбасары қызметіне тағайындалды.