×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

Су тасқыны болып жатқан Вьетнамда бірнеше мың қазақстандық бар

Су тасқыны болып жатқан Вьетнамда бірнеше мың қазақстандық бар
Фото: Duc Thao / AFP via Getty Images

Вьетнамда тоқтаусыз жауған жауын салдарынан су деңгейі көтеріліп, елдің бірқатар аймағында су басу жағдайы ушығып тұр. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрлік мәліметінше, Вьетнамдағы қолайсыз ауа райына қарамастан, қазақстандық туристерден елшілікке әзірге ешқандай ресми шағым түспеген. Қазіргі уақытта бұл елде демалып жатқан азаматтардың саны мыңдап саналады. Нақты деректер туристік компанияларда тіркелген.

Сыртқы саясат ведомствосы қазақстандықтарға жергілікті құтқару қызметтері мен билік органдарының нұсқауларын қатаң ұстануға кеңес береді. Мамандар Вьетнамда жаңбыр маусымы әлі аяқталмағанын, сондықтан қажетсіз тәуекелдерден аулақ болу керектігін ескертті.

Министрлік шұғыл жағдай туындаған жағдайда жақын жердегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық қызметке дереу хабарласуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары