×
518.66
597.44
6.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.66
597.44
6.56

«Араласуға құқымыз жоқ»: СІМ Мақсат Дүйсенов ісі туралы

Бүгін, 17:49
«Араласуға құқымыз жоқ»: СІМ Мақсат Дүйсенов ісі туралы
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке қатысты тергеуге байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

— Дүйсеновтің ісімен бізде Бас прокуратура айналысады. Әрине, тергеу процесіне немесе өзге де іс-шараларға араласуға біздің құқығымыз жоқ. Біздің қолымыздан келетіні — дипломатиялық көмек көрсету, құжаттарды дипломатиялық арналар арқылы жеткізу ғана. Сондықтан нақтырақ ақпаратты Бас прокуратурадан алуға болады, — деді Смадияров.

КОНТЕКСТ

Мақсат Дүйсеновке 29 тамызда іздеу жарияланған болатын. Қыркүйекте Германияда ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Оны Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында неміс құқық қорғау органдары ұстаған. 

Бұған дейін кейбір БАҚ-та «Дүйсенов саяси баспана сұрауы мүмкін» деген ақпарат тараған. Алайда Қазақстан бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев ол ақпаратты жоққа шығарған. Ол «Германия  Мақсат Дүйсеновті Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады» деген.

Ulysmedia.kz тілшісі осы ұзаққа созылған істің бүге-шігесін зерттеп көрген еді. 

Серіктес жаңалықтары