Литвадағы тергеу нәтижесінде 18 жастағы Украина азаматы Даниил Бардадим Вильнюсте IKEA дүкенін өртеп, Шяуляй қаласындағы НАТО авиабазасы маңында теракт жасауға әрекеттенгені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СОТ ҮКІМІ
Вильнюс округтік соты Бардадимді 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды. Ол IKEA дүкеніне жарылғыш құрылғы қойып, түнде өрт шығарған. Абырой болғанда, өрт дер кезінде анықталып, ешкім зардап шеккен жоқ. Дүкенге келтірілген шығын үшін 485 мың еуро көлемінде азаматтық талап қойылды.
ЖАҢА ЖОСПАР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІ
Өрттен кейін Бардадим серіктесімен Варшаваға кеткен, бірақ бірнеше күннен соң Вильнюске қайта оралып, Литва мен Латвиядағы сауда орталықтарында жаңа терактілерге дайындалған. 13 мамырда ол Паневежис маңында ұсталды.
РЕСЕЙ БАЙЛАНЫСЫ
Литва прокуратурасы жарылыстың артында ресейлік әскери барлау тұрғанын мәлімдеді. IKEA Ресейден кеткені үшін нысанаға алынған.
СЫЙЛЫҚ УӘДЕСІ
Тергеу дерегіне сәйкес, Бардадим мен оның серіктесіне диверсиялар үшін BMW көлігі мен 10 мың еуро уәде етілген, бірақ олар ақшаны алмаған.