×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

Ресей мұнайын Қытайға жеткізу үшін Қазақстанды пайдаланбақ

Бүгін, 10:14
Ресей мұнайын Қытайға жеткізу үшін Қазақстанды пайдаланбақ
pixabay.com

Ресей Қытайға бағытталған мұнай транзитін Қазақстан арқылы ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей нені көздеп отыр?

Reuters агенттігінің мәліметінше, мұндай жоспар туралы Ресей вице-премьері Александр Новак 25 қарашада мәлімдеген. Оның айтуынша, Қазақстан мен РФ арасындағы үкіметаралық келісімдер ресейлік мұнайдың Қытайға транзитін арттыруға жол ашады. Әңгіме тасымалдау көлемін 2033 жылға дейін ұлғайту мүмкіндігі жөнінде болып отыр.

Қолданыстағы келісім бойынша Ресей мұнайының Қазақстан арқылы өтуіне жылына 10 млн тоннаға дейін рұқсат берілген. Биыл Ресей бұл көлемді 2,5 млн тоннаға арттыру ниетін білдірген. Бұл бастаманы ресейлік «Транснефть» компаниясы белсенді түрде қолдап отыр. 2025 жылдың маусымында «Қазтрансойл» компаниясы бас директорының орынбасары Абай Бейсембаев Қазақстанда жаңа мұнай айдау станцияларын салу жоспары қаралып жатқанын растаған. Мұндай нысандардың ашылуы Ресей мұнайының транзитін одан әрі көбейтуге мүмкіндік береді.

Бұл келіссөздер неге маңызды?

Қытай мен Үндістан — ресейлік мұнайдың басты сатып алушылары. Оның ішінде Қытай алдыңғы орында тұр: ол теңіз арқылы тәулігіне шамамен 1,4 млн баррель, ал құрлықтағы құбырлар арқылы тағы 900 мың баррельге жуық мұнай импорттайды.

АҚШ санкциялары «Лукойл» мен «Роснефтьті» нысанаға алған соң, Қытай мен Үндістан балама жеткізілім көздерін іздей бастады. Соның нәтижесінде Қытайдағы мұнай өңдеу зауыттары ресейлік шикізаттан біртіндеп бас тартып, қазақстандық және Таяу Шығыстан келетін мұнайға бет бұра бастады.

Серіктес жаңалықтары