×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

Елордада жоғалып кеткен 14 жастағы оқушының денесі өзеннен табылды

Елордада жоғалып кеткен 14 жастағы оқушының денесі өзеннен табылды
Ашық дереккөзден

Астанада 24 қараша күні үйінен шығып, байланысқа шықпай кеткен оқушыны бірнеше сағат бойы полицейлер мен еріктілер іздеді. Өкінішке қарай, қыздың денесі өзен жағасынан табылды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Полицияға қыздың жоғалғаны туралы хабар кеше кешкісін түскен. Анасының айтуынша, оқушы шамамен 18:30 кезінде үйден шығып кеткен, содан кейін телефон қоңырауларына мүлде жауап бермеген. Ата-анасы қызды таба алмаған соң сағат 21:00 шамасында полицияға жүгінген.

Оқушыны іздеуге тәртіп сақшылары мен еріктілер жұмылдырылды. Олар қала аумағын, тұрғын үй алқаптарын және жағалауды түгел аралап шықты. Бірнеше сағатқа созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыздың денесі өзеннен табылды.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша тергеліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оның неден және қандай жағдайда көз жұмғаны анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты барлық мән-жай тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары