×
519.98
600.06
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.98
600.06
6.6

Украина Трамптың Бейбіт жоспарына келісімін берді

Бүгін, 20:10
Украина Трамптың Бейбіт жоспарына келісімін берді
Ulysmedia коллажы

Қалғаны тек «ұсақ-түйек мәселелер» ғана. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украина делегациясы Абу-Дабиде АҚШ армиясының министрі Дэн Дрисколлмен кездесуде жаңартылған америкалық жоспарға алдын ала келісімін берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кейбір даулы мәселелерді Дональд Трамп пен Владимир Зеленский жеке талқыламақ. Бұл кездесу жақын күндері өтуі мүмкін. Украина президенті қараша айының соңына дейін Вашингтонға барып, келісімнің соңғы нұсқасын бекітуі ықтимал. Мұны Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров мәлімдеді.

Осы уақытта Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ делегацияларының кездесуі өтіп жатыр. Financial Times басылымының дерегінше, Киев елдің қарулы күштерінің санын 800 мыңға дейін шектеуге келісім берген. Ал аумақтық мәселелер бойынша талқылау жалғасып жатыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров Женевадағы кездесулерді «өнімді әрі конструктивті» деп атады. Ол қараша айында Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-қа ресми сапары ұйымдастырылады деген үмітін білдірді

Украина мен АҚШ делегациялары Женевада талқыланған келісімнің негізгі шарттары бойынша ортақ түсінікке келгенін хабарлады. Бұл туралы 25 қараша, сейсенбі күні Facebook әлеуметтік желісінде Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров жазды.

Серіктес жаңалықтары