×
518.4
598.13
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.4
598.13
6.55

Ресей қазақстандық тауарды шекарадан өткізбей қойды

Бүгін, 13:11
Ресей қазақстандық тауарды шекарадан өткізбей қойды
ЖИ / ulysmedia.kz

Ресей–Қазақстан шекарасындағы «Маштаково» бекетінде Россельхознадзор қызметкерлері мен ФСБ-ның Орынбор облысы бойынша шекара басқармасы Қазақстаннан әкелінген ірі партиядағы балмұздақты заңсыз деп танып, өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тексеру барысында инспекторлар 12 тоннадан астам балмұздақтың халықаралық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіні туралы құжатсыз әкелінгенін анықтаған. Атап айтқанда, шикізаттың губка тәрізді энцефалопатияға қатысты қауіпсіз шаруашылықтардан алынғаны дәлелденбеген.

Сондай-ақ ветеринарлық сертификаттағы өндірілген күні мен тауар қаптамасындағы дата бір-біріне сәйкес келмеген. Құжаттарда өнімнің жануарлар аурулары жоқ кәсіпорындарда өндірілгені туралы мәлімет те болмаған.

Нәтижесінде жүк тоқтатылып, Қазақстанға кері қайтаруға рәсімделді. Ал тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары