ІІМ вице-министрі Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында Қазақстанда әскери қызметкерлердің қаза болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әділовтің айтуынша, әскери қызметкерлердің өліміне қатысты тіркелген барлық факті бойынша қазір тергеу-жедел топтары жұмыс істеп жатыр.
- Барлық іс толық көлемде тергелуде, олардың барысын Бас әскери прокуратура қадағалайды. Әрбір әскери қызметкердің қазасы бойынша міндетті түрде қылмыстық іс қозғалады. Қайсар Сұлтанға қатысты да тергеу жүргізілуде. Қайтыс болған сарбаздардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Тағы да көңіл айтамыз. Әрбір іс бойынша жан-жақты әрі мұқият тергеу қажет, — деді вице-министр.
ЖАУАПТЫЛАР ЖАЗАЛАНУЫ МҮМКІН
Әділовтің сөзінше, анықталған барлық жағдай бойынша әскери бөлімдер командованиесіне ұсыныстар енгізіліп, тәртіптік жауапкершілікке тартуға қатысты шаралар қарастырылып жатыр.
- Барлық іс бойынша әскери бөлімдер командирлеріне ұсыныстар енгіземіз. Төтенше жағдайға жол берген, соның ішінде суицид пен бейбіт уақытта әскери қызметкерлердің қазасына ықпал еткен тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту қарастырылады, — деді ол.
МИТИНГ
Еске салайық, 10 қарашада Астанада әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингіге шықты. Олар үкіметке бірнеше талдап қойды. Артынша әділдік іздеген аналарды полиция ұстап әкетті.