ІІМ вице-министрі Санжар Әділов Астанада ЛГБТ белсенділерінің ұсталғаны туралы ақпараттан хабарсыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәжіліс кулуарында ол полицияның мұндай әрекетпен айналыспайтынын айтты.
- Полиция ешкімді арнайы қуалап ұстаумен айналыспайды. Полиция қызметкерлері профилактика, құқықбұзушылықтарды анықтау және тергеумен айналысады. Егер ұсталу сәтінің видеосы болса, маған қазір беруді сұраймын — кейін қарап шығамын, — деді вице-министр.
КОНТЕКСТ
Адам құқықтарын қорғаушылардың хабарлауынша, Астанада өткен құқықтар жөніндегі жабық іс-шарадан активист Арджа Тұрсынқанды полиция ұстап әкеткен.
«Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының мәліметінше, белсенді полиция бөліміне жеткізілген. Оған «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.
СЕНАТ
Қазір Сенат «балаларды дәстүрге сай емес сексуалдық бағдарды насихаттан қорғау» туралы заң жобасын қабылдауға дайындалып жатыр.