×
518.68
600.27
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.68
600.27
6.58

Цифрлық активтер индустриясы биыл бюджетке 7,7 млрд теңге кіріс әкелді

Цифрлық активтер индустриясы биыл бюджетке 7,7 млрд теңге кіріс әкелді
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда цифрлық майнингті экономикалық айналымға тарту жұмыстары нәтижесін бере бастады. Бұл туралы Сенатта өткен жиында Цифрлық активтер және жаңа технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Мирас Закиев мәлімдеді. Оның айтуынша, осы саладан бюджетке 7,7 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Мирас Закиев жиында майнингті ел экономикасына тарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, Қазақстанда екі түрлі майнинг қызметі лицензияланады. Олар-деректерді өңдеу орталықтарының иелері және жалға алынған ұяшықтарда жұмыс істейтін жабдық иелері.

- Барлық майнер тек Қазақстанда тіркелген арнайы майнинг-пулдар арқылы жұмыс істеуі керек. Салықтар да нақты есептеледі: майнерлер мен пулдар табыс салығын төлейді, жеке адамдар өз табыстарынан құнның өсуі салығын береді, ал криптобиржаларға өзіне тән салықтар қолданылады, – деді Мирас Закиев.

Сонымен қатар, цифрлық майнерлер электр энергиясы үшін арнайы төлем төлейді. Бұрын 1 кВт/сағат үшін 26 теңге төленсе, қазір бұл төлем 2 теңгеге азайтылды. 

- Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, цифрлық активтер саласынан 2023 жылы бюджетке шамамен 9 млрд теңге, 2024 жылы 10,4 млрд теңге түскен. Ал 2025 жылдың алғашқы жартысында осы сала 7,7 млрд теңге әкелген. Бұл көрсеткіштер цифрлық активтер саласынан бюджетке түсетін қаржының тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді, – деді Мирас Закиев.

Серіктес жаңалықтары