Азаматтық белсенді, сатиралық Qaznews24 агенттігінің негізін қалаушы Темірлан Енсебекті полиция қайтадан жауап алуға шақырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Темірланның қалыңдығы Мария Кочнева хабарлады.
- Тиманы тағы да @qaznews24 парақшасына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырып жатыр. Алайда биыл қаңтардан бері ол бұл парақшаны өзі жүргізіп отырған жоқ, үстіне қылмыстық қудалау өрісінде жүргендіктен, редакция жұмысына да араласпаған, – дейді Мария.
Оның сөзінше, бұл жолы айып — ҚК-тің 274-бабы, яғни көрінеу ақпарат тарату бойынша тағылуы мүмкін.
- Осы бап бойынша Темірланға қосымша +3 жыл бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Бізге ақпараттық, құқықтық қолдау және бұл мәселеге жариялылық қажет, – дейді Мария.
ПАРАҚША
Еске салсақ, биыл тамызда Qaznews24 сатиралық парағы "қысымға байланысты" жұмысын тоқтатқан еді.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Темірлан Еңсебектің үстінен «араздықты қоздыру» бабы бойынша қозғалған іске Qaznews24 паблигінде жарияланған жазба себеп болған.
СОТ ҮКІМІ
11 сәуірде Алматының Наурызбай аудандық соты Темірлан Еңсебекті кінәлі деп танып, бес жылға бостандығын шектеген.