×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Путин Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға пікір білдірді

Бүгін, 08:04
Путин Қазақстан-Ресей шекарасындағы жағдайға пікір білдірді
Фото: Гавриил Григоров / Sputnik / Reuters

Владимир Путин Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жүк көліктері жүргізілген тексерістер кезінде құжаттар жоқ болып шыққандықтан шекарада кептеліс пайда болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанда өткен баспасөздің сұрақ-жауап бөлігінде Қазақстан–Ресей шекарасындағы жүк көліктерінің көптеп жиналуына қатысты пікір білдірді. Ресей басшысы мұндай мәселенің шынында бар екенін және оның жүк тасымалына қойылған қатаң талаптармен байланысты екенін жасырмады. Путиннің айтуынша, құжаттарды тексеру оның тапсырмасы бойынша күшейтілген. Еуразиялық экономикалық одақ аясында ресейлік кеден органдарына жол үстінде тікелей бақылау жүргізу құқығы берілген. Соның нәтижесінде «тауардың да, жүк көліктерінің де айтарлықтай бөлігі Қазақстан–Ресей шекарасын ешқандай құжатсыз кесіп өтетіні» анықталған. Путин әрбір жүк көлігіне тауар тізімі, кедендік құны және тауарды қабылдайтын тарап туралы мәліметтерді қоса алғанда, толық құжаттама болуы міндетті екенін атап өткен.

- Жолдағы тексерістер басталысымен, мүлде құжат жоқ екені белгілі болды, – деді Путин.

ҚАЗАҚСТАНМЕН КЕЛІСІМ

Ресей басшысы бұл жағдайды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен талқылағанын мәлімдеді. Тараптар фуралардың Ресейге жылжуын жеделдету үшін нақты шаралар қабылдауға уағдаласқан. Путиннің сөзінше, екі елдің кеден органдары жүк тасымалдаушылар тауар құнын және оны қабылдайтын тұлға туралы деректерді міндетті түрде көрсетуге келіскен.

- Біз шекарада жиналып қалған осы көп жүк көлігінің қозғалысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті қадамды жасаймыз деп келістік, – деді ол.

Путин бұл жұмыстың басталып кеткенін атап өтті: «Онда мыңдаған фура өтіп үлгерді. Жыл соңына дейін кезек мүлде болмайды деп ойлаймын».

Серіктес жаңалықтары