×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Лукашенко Бакиев туралы: "Біз оны сіздерге қайтармаймыз"

Бүгін, 09:00
Лукашенко Бакиев туралы: "Біз оны сіздерге қайтармаймыз"
Фото: 24.kg

Беларусь президенті Александр Лукашенко Бішкекте өткен ҰҚШҰ саммитінен кейін журналистерге Қырғызстанның биліктен тайдырылған экс-президенті Құрманбек Бакиевтің Минскідегі өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Бакиевтің жағдайы жақсы. Тәп-тәуір өмір сүріп жатыр. Біз оны сіздерге енді жібермейміз. Оған: «Ешқандай сапар болмайды, жеткілікті! Беларусьтен шықпа», – деп айттым. Жағдайы жақсы. Кейде өзі шақырса, үйіне барып тұрамын. Сондықтан оны сіздерге қайтармаймыз, – деді ол.

Александр Лукашенконың айтуынша, Құрманбек Бакиев еліне қатты сағыныш білдіріп, жанын қинайтын сәттері көп екен.

- Маған: «Әкемнің қабіріне бір барып қайтсам ғой» деп жиі айтады. Қырғыздардың өз президентіне әкесінің қабіріне баруға мүмкіндік бермей отырғаны дұрыс емес. Бұл мәселені қазіргі билікпен бірге шешеміз деп ойлаймын, – деді Беларусь басшысы.

БАКИЕВ

Айта кетейік, экс-президент Қырғызстан Жоғарғы сотының үкімімен 24 жылға бас бостандығынан айырылған.

Құрманбек Бакиев 2010 жылдың 7 сәуірінде биліктен қуылды. Сол күні оппозиция отбасы-кландық басқаруға қарсы митингке шыққан болатын. Наразылықты басу кезінде қару қолданылып, 80-нен астам адам көз жұмды.

Құрманбек Бакиев, оның ұлы Максим және інісі Жаныш Қырғызстаннан қашып кеткеннен кейін, тағылған бірқатар ауыр айыптар бойынша сырттай ұзақ мерзімге сотталды.

Биліктен кеткеннен соң Бакиевтер отбасы Минскіде паналады, ал Максим Бакиев бүгінде отбасымен бірге Ұлыбританияда тұрады.

Серіктес жаңалықтары