×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Жезқазған маңына зымыран қалдығы құлады

Бүгін, 12:00
Жезқазған маңына зымыран қалдығы құлады
Скриншот

Жезқазған маңында жергілікті тұрғыны далада жатқан ірі металл сынығын көрсеткен видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадр сыртында ер адам оның «зымыранның құлаған құйрығы» болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Бір тәулік бұрын ғана «Роскосмос» Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-28» пилотты кемесінің сәтті ұшырылғанын хабарлаған еді.

Бүгін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 27 қарашада Астана уақыты бойынша 14:27-де жүзеге асқан зымыран ұшыру қалыпты режимде, ешқандай ауытқусыз өткен. Министрлік зымыранның бірінші сатысы Ұлытау облысы аумағындағы арнайы белгіленген құлау аймақтарына түскенін, бұл жерлердің елдімекендерден алыс орналасқанын айтты.

«Оқиға орнында «Роскосмос» корпорациясының өкілдері, Қазақстан мен Ресей экологтары жұмыс істеп жатыр. Өлшеулер мен сынама алу жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, экологияға зиян келтірілгені анықталмады»,
— деп хабарлады ведомство.

Министрлік сондай-ақ «Союз МС-28» зымыраны керосин мен сұйық оттегін пайдаланатынын, оның экологиялық тұрғыдан қауіпсіз деп саналатын отын түрлеріне жататынын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, жерге құлаған бөлшектерде радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп жоқ.

27 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-28» пилотты кемесі экипажымен бірге ұшырылды. Экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев және NASA астронавты Кристофер Уильямс бар. «Рассвет» модуліне түйісу жедел схема бойынша — ұшырылғаннан кейін екі сағатқа жетпейтін уақыт ішінде жүргізілуі жоспарланған.

Экипаж ғарышта 242 күн болмақ. Олар шамамен 40 ғылыми эксперимент жүргізіп, екі рет ашық ғарышқа шығуды орындайды. Кеме бортында алғаш рет дыбыстық жазбаларды мәтінге айналдыратын, борттық журналдарды жүргізетін және қысқаша есептер жасайтын жасанды интеллект қызметі сынақтан өтуде.

Контекст

2017 жылы Қарағанды облысындағы (қазіргі Ұлытау облысы) Жезқазған қаласының маңында ресейлік «Союз 2-1а» зымыран тасығышының бөлшегі құлағаннан кейін далада тұтанған өрт салдарынан екі адам қайтыс болған. Қазақстанның төтенше жағдай комитеті олардың екеуі де далаға құлаған зымыран сынықтарын жинау жұмыстарына қатысқанын хабарлаған.

2013 жылы 2 шілдеде Ресейдің «Протон-М» зымыран-тасығышы құлаған. Сол уақытта онда 600 тонна улы гептил отыны болғаны айтылған. Құлауға куә болғандар зымыран жерге түскеннен кейін аспанға сары түсті бұлт көтерілгенін айтқан. Сол кездегі «Қазғарыш» басшысы Талғат Мұсабаев оқиғадан кейін бірден бұлттың ауада жанып кететінін, елдімекендерге жетпеуі тиіс екенін мәлімдеді. Кейіннен осы жылдың қыркүйегінде Байқоңырда «Протон» зымырандарының ұшырылымы қайта жалғасқан. Елде «Антигептил» қозғалысы пайда болып, белсенділер «Протон» зымырандарын ұшыруға тыйым салуды талап еткен.

 

 

Серіктес жаңалықтары