×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Қырғызстан Путин келеді деп Украина елшілігін "жасырып" қойған

Бүгін, 12:16
Қырғызстан Путин келеді деп Украина елшілігін "жасырып" қойған
Фото: Агентство. Новости

Ресей президенті Владимир Путиннің Бішкекке — ҰҚШҰ саммитіне келуінен бұрын, Украина елшілігі мен Қырғызстан президентінің резиденциясының ортасына биіктігі бірнеше қабат үймен тең LED-экран орнатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Журналист Григорий Пырлик бұл конструкцияның монтажы туралы 20 қарашада Telegram-арнасында жазды. Оның жариялаған суреттерінде көпқабатты ғимарат биіктігіндей экранның Украина елшілігінің аумағын және елшіліктің туын толық жауып тұрғаны көрінеді. Ал жақында ашылған «Ынтымак Ордо» резиденциясының жағынан қарағанда, қоршау экранда не көрсетіліп жатқанын көруге мүмкіндік бермейді.

НЕ ДЕП ТҮСІНДІРГЕН

DW мәліметінше, Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі экран «үкіметтік видеоматериалдарды көрсету және ресми іс-шаралардың визуалды сүйемелдеуі үшін пайдаланылады» деп түсініктеме берген. Бірқатар БАҚ экранның орнатылуын Путиннің сапарымен байланыстырды.

Украина елшісінің кеңесшісі Денис Автономов «мұның себеп-салдарлық байланысы айқын» екенін айтты. Ал саясаттанушы Турат Акимов «Азаттық» радиосына берген пікірінде, мұндай әрекет Ресей президентінің қауіпсіздігіне жауапты Федералдық күзет қызметінің талабы болуы ықтимал екенін жеткізді. Оның сөзінше, ресейлік арнайы қызмет өкілдері сапардың алдында шамамен он күн бұрын келіп, бүкіл аумақты тексереді. Мүмкін, олар Украина елшілігі тарапынан қауіп төнуі мүмкін деп бағалап, қырғыз билігіне оны болдырмау міндеттелген.

Серіктес жаңалықтары