×
512.53
592.43
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.53
592.43
6.53

Қазақстандық оқулықтардан антиресейлік пропаганда анықталған

Бүгін, 17:00
Қазақстандық оқулықтардан антиресейлік пропаганда анықталған
ЖИ / ulysmedia.kz

РФ Мемлекеттік думасының депутаты Андрей Луговой Орталық Азия елдеріндегі оқулықтар Ресейге қарсы насихат жасап, тарихты бұрмалауда деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Луговой зерттеу фильмін жасап, онда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжаннан алынған 35 оқулықты талдаған. Ол бұл оқулықтар балаларға Ресейді «колонизатор» әрі «ақымақтық пен қиындықтың бастауы» ретінде көрсетеді деп есептейді. Оның мәліметінше, Ресей туралы 67%-да теріс түсінік кездеседі. Оқулықтар шаруаларды қоныс аударуды «тәуелсіздіктің жоғалуы» деп сипаттаса, ауруханаларды салуға көрсетілген көмекті «колонизатордың сыйы» деп көрсетеді. Сондай-ақ, Луговой оқулық авторларының батыстық ұйымдармен байланысы барын атап өткен.

Олардың бірі – Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің оқытушысы Зарина Жандосова. Луговойдың айтуынша, ол ресификацияны сынайды және қазақ мәдениеті өз-өзін дерлік жоғалтқанын көрсетеді.

— Русификациялық саясаттың теріс салдарынан қазақ халқы мәдени-генетикалық кодын және қазақ мәдениетінің негізіндегі дәстүрін дерлік жоғалтып алатын еді, яғни өз-өзін дерлік жоғалтып алатын еді. Белгілі бір мәдени-генетикалық код бар, көшпелі мәдениет бар, ол сталиндік модернизация кезінде бұзылды, — деп жазылған оның кітабында.

Серіктес жаңалықтары