×
512.53
592.43
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.53
592.43
6.53

Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдің казиносында ұсталды

Бүгін, 19:40
Қазақстандық ерлі-зайыпты Сиднейдің казиносында ұсталды
Әлеуметтік желіден

Сидней қаласында Қазақстаннан барған ерлі-зайыптыны Crown казиносында ірі алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Австралия полициясының нұсқасына сәйкес, олар жасырын камера мен көзге көрінбейтін құлаққаптарды пайдаланып, ойын барысында сырттан кеңес алып отырған. Осы тәсіл арқылы ерлі-зайыпты бір миллионнан астам АҚШ долларын ұтып алған.

Оқиға казино қызметкерлерінің 36 жастағы әйелдің үстіндегі Микки Маус суреті бар футболкасына ұқыптап бекітілген кішкентай камераны байқап қалуынан басталған. Қауіпсіздік қызметі дереу полиция шақырған. Келген тәртіп сақшылары әйелді және оның 44 жастағы күйеуін ойын залында ұстап әкеткен.

Тергеушілердің айтуынша, ерлі-зайыпты ойын үстеліндегі көріністі телефонға қосылған арнайы құрылғы арқылы сыртқа жіберіп отырған. Ал алынған бейнелерді үшінші адам қарап, оларға дұрыс ставка жасауға кеңес берген. Байланыс көзге көрінбейтін шағын ішкі құлаққаптар арқылы жүзеге асқан.

ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАУАБЫ

Құқық қорғаушылардың дерегінше, ерлі-зайыпты 2025 жылдың қазан айында Австралияға ұшып келген бойда казиноға мүшелік рәсімдеген. Қазан мен қараша айларында олар Crown-ға жиі барып, жалпы сомасы 1,18 миллион АҚШ долларын ұтып алған. Бұл жағдай күзет қызметінің назарын аударып, тексеріс басталған.

Кент-стриттегі олардың пәтерін тінту кезінде полиция қосымша ойын құрылғыларын, қымбат әшекей бұйымдарын және екі мың еуро тапқан. Ерлі-зайыпты кепіл мәселесі бойынша сотқа жеткізілді. Бірақ екеуі де босатуды сұрамағандықтан, сот оларды қамауда қалдырды. Әйелдің ісі бойынша келесі тыңдау ақпан айына белгіленді, ал күйеуі 11 желтоқсанда қайтадан сотқа шығуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары