Астанада блогердің ерекше балаларға қатысты даулы видеосы үшін әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлеуметтік желілерде блогердің ерекше балалар туралы жариялаған бейнеролигі қоғамда үлкен наразылық туғызды. Ол видеода мүгедектігі бар балалардың дүниеге келуін «азғындықпен», «рухани заңдармен» және «табиғаттың жазасымен» байланыстыруға тырысқан. Бұл сөздер ата-аналардың ашу-ызасын тудырды.
Кейін Астана қалалық полиция департаменті блогердің бейнеролигінде ерекше балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз әрі қорлайтын сөздер бар екенін анықтап, әкімшілік іс қозғағанын хабарлады.
СОТТАҒЫ ЖАҒДАЙ
Қалалық соттың мәліметінше, сот отырысы барысында блогер кінәсін ішінара мойындады: бейәдеп сөздер қолданғанын растады, бірақ балаларды әдейі қорлау ниеті болмағанын айтты.
СОТ ШЕШІМІ
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) үш түрлі жаза қарастырады:
Алайда заң бойынша 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды. Сот блогердің 2016 жылы туған баласы бар екенін анықтап, бұл жағдайды жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Қосымша ауырлататын себептер табылған жоқ.
Нәтижесінде сот блогерге 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Бұл — 78 640 теңге.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.