Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында республикалық жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, бірнеше өңірде жол қозғалысына уақытша шектеулер қойылды.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
19:30-дан бастап жүк көліктері мен қоғамдық автокөліктерге қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл Ресей шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – Қытай шекарасы бағытындағы республикалық жолдың 776–1240 шақырым аралығы, яғни «Экойл» жанармай бекетінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бөлігі. Жолдың ашылуы 3 желтоқсан күні таңғы 05:00-де жоспарланып отыр.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
20:00-ден бастап барлық көлік түрлеріне қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл Павлодар – Шарбақты – Ресей шекарасы (Шарбақты бекеті) бағытындағы жолдың 0–112 шақырым аралығы, яғни Павлодардан Ресей шекарасына дейінгі бөлігі. Жолдың ашылуы 3 желтоқсан күні таңғы 07:00-де күтілуде.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
20:00-ден бастап жүк көліктері мен қоғамдық автокөліктерге қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл Ресей шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – Қытай шекарасы бағытындағы жолдың 1240–1362 шақырым аралығы, яғни Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі бөлігі. Жолдың ашылуы 3 желтоқсан күні таңғы 05:00-де жоспарланған.