×
508.2
589.82
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.2
589.82
6.54

3 триллион теңге - коммуналдық тарифтер қалай өседі

Бүгін, 23:40
3 триллион теңге - коммуналдық тарифтер қалай өседі
Ulysmedia коллажы

Қазақстанның ұлттық экономикасы бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда коммуналдық тарифтер қалай өсетінін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның ұлттық экономикасы бірінші вице-министрі Азамат Әмрин коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу қарқыны шектелетінін мәлімдеді.

«Тарифтердің өсу қарқыны инфляцияға қосымша 2–3 пайыздан аспайды. Ал инфляция құрылымында тарифтердің өсімі 1 пайыздан жоғары болмайды. Біз осындай динамикамен біртіндеп алға жылжимыз», – деді ол.

2026–2028 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғыртуға шамамен 3 триллион теңге тарту жоспарланған. Бұл қаражат 30 мың шақырым инженерлік желіні жөндеуге бағытталады.

16 қазаннан бастап Қазақстан үкіметі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және реформалардың теріс әсерін азайту үшін бірқатар шешім қабылдады.

Атап айтқанда, 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін барлық тұтынушылар үшін коммуналдық тарифтерді көтеру уақытша тоқтатылды.

Үкіметтің мәлімдеуінше, тарифтердің өсуін шектеу табиғи монополия субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарындағы барлық жоспарланған жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға тұрғын үй көмегі көрсету механизмі жұмыс істеп тұр.

БҰҒАН ДЕЙІН

Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту рәсімін түсіндірген еді.

«Электр энергетикасы туралы» заңға сәйкес, жетіжылдық кезеңге тарифтерді бекіту – қолданыстағы тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (2025 жылдың соңы) Министрлік орындауға міндетті рәсім.

Серіктес жаңалықтары