×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

Макрон Си Цзиньпинді Украинадағы соғысты тоқтатуға ықпал етуге шақырды

Бүгін, 14:50
Макрон Си Цзиньпинді  Украинадағы соғысты тоқтатуға ықпал етуге шақырды
Фото: Jeanne Accorsini/SIPA/picture alliance

Франция президенті Эммануэль Макрон Қытайды Украинадағы соғысты тоқтатуға ықпал етуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

4 желтоқсан Пекинде Эммануэль Макрон ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Ол онда Ресейдің Украина инфроқұрылымына жасап жатқан соққыларын барынша тез тоқтатуға ықпал етуге үндеді.

Сондай-ақ ол Франция мен Қытайға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері ретінде ерекше жауапкершілік жүктелгенін айтты. Эммануэль Макрон Қытайға төртінші рет мемлекеттік сапарымен барып отыр.

Си Цзиньпин Пекиннің Украинандағы бейбітшілікке қол жеткізу бағытында жұмыс істеп жатқанын тағы да қайталады және Қытай бұл бағытта конструктивті рөл атқара береді деді. Сонымен бірге ол соғыс үшін бір тарапты ғана кінәлі ету әрекеттерін қабылдамайтынын айтты.

Қытай Украинаға басып кірген Ресейдің ең басты демеушілерінің бірі деген сын көп айтылады. Пекин мен Мәскеу арасындағы байланыс пен сауда соғыс басталғалы қарқынын жоғалтпаған. Қытай Ресейдің әскери басқыншылығын ашық айыптамаған.

 

Серіктес жаңалықтары