×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

Алматыдағы жер дауы: Назарбаев пен Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер жер телімдерін мемлекетке қайтара ма?

Бүгін, 16:28
Алматыдағы жер дауы: Назарбаев пен  Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер жер телімдерін мемлекетке қайтара ма?
ulysmedia.kz коллажы

Алматы әкімдігі жекенің қолына заңсыз өтіп кетті делінген жер учаскелерінің қожайындарымен соттасып жатыр. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің сөзінше, Алматының жер ресурстары басқару департаменті 30 жер тіліміне қатысты сотқа арыз түсірген, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Бақытжан Базарбектың айтуынша, тау етегіндегі даулы 74 жер телімі бар. Оның 30-ына қатысты Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті сотқа арыз түсірген. Қалған 44 жер телімі облысқа қарайтын болғандықтан оларды Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

«Бұл жерлердің артында қарапайым адам тұрған жоқ, жерлердің артында мысалға алсақ, Болат Назарбаев, Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер, сол сияқты бұрыңғы президенттің қарамағындағы ел басқарған шенеуніктерге тиесілі жерлер бар!», – деп жазды депутат Facebook парағында.

Бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» автобазарының 11 гектар жері мемлекет меншігіне қайтарылғаны туралы айтылған. Болат Назарбаев 2023 жылы қарашада қайтыс болған.

 

 

Серіктес жаңалықтары