×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

Германия мен Ресей өкілдері Абу-Дабиде жасырын кездескен

Бүгін, 21:40
Германия мен Ресей өкілдері Абу-Дабиде жасырын кездескен
Ашық дереккөзден

Die Zeit апталық басылымының жазуынша, Бакудегі бірнеше бейресми кездесуден кейін Германия мен Ресей саясаткерлері қарашаның басында Біріккен Араб Әмірліктерінде жүздескен. Газеттің дерегіне сүйенсек, онда өзара сапарлар ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАСЫРЫН БАЙЛАНЫСТАР

DW агенттігінің ақпаратынша неміс лоббистері мен бұрынғы жоғары лауазымды саясаткерлер Кремльге сенімді тұлғалармен байланыс орнату үшін құпия кездесулерді пайдаланып жүр. Die Zeit 3 желтоқсанда жариялаған мақаласында қарашаның басында Абу-Дабиде өткен осындай бір кездесудің егжей-тегжейін баяндады.

ҚАТЫСУШЫЛАР

Басылымның мәліметінше, Германия тарапынан кездесуге бұрынғы федералдық канцлер аппаратының басшысы Рональд Пофалла, Бранденбургтің экс-премьер-министрі Маттиас Платцек және «Герман-ресей форумы» ұйымының атқарушы директоры Мартин Хоффман қатысқан.

Ресей жағынан «Газпром» компаниясының бақылау кеңесінің төрағасы Виктор Зубков және Ресей Федерациясы президенті жанындағы Адам құқықтары кеңесінің басшысы Валерий Фадеев болған. Айта кетейік, Фадеев Еуропалық одақтың санкциясына іліккен, себебі ол Ресейдің Украинадағы соғысын ақтау үшін «жалған ақпарат пен үгіт-насихат» таратты деп айыпталған.

Серіктес жаңалықтары