Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден қаржы алатын жеке азаматтар мен ұйымдардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жарияланған деректерде 188 жеке тұлға және заңды ұйым тіркелген. Тізімнің нақты қай күні жаңартылғаны көрсетілмеген. 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында шетелден қаржы алғандарға қатысты ақпарат биыл алғаш рет жарияланып отыр. Деректер қатарында елге белгілі құқық қорғау ұйымдары, журналистер және блогерлер де бар.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда шетелден қаржы алатындардың базасы құрылатыны хабарланған еді.
Құжатқа сәйкес, шетелдік ұйымдардан, шетел азаматтарынан немесе азаматтығы жоқ адамдардан ақша немесе өзге де мүлік алатын қазақстандықтар бұл туралы мәлімет беруге міндетті болады.