×
504.49
587.73
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.49
587.73
6.57

Қазақстандықтарға хакерлік шабуыл жасалуы мүмкін

Бүгін, 09:40
Қазақстандықтарға хакерлік шабуыл жасалуы мүмкін
pixabay.com

Қазақстан – кибершабуыл қаупі жоғары деп танылған елдердің қатарында. Әңгіме зиян тыңшы бағдарламасын қолдану туралы болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАУІП ТІЗІМІ

Reuters агенттігінің мәліметінше, өткен аптада Google мен Apple өз өнімдерін пайдаланушыларға киберқауіп жайлы жаппай ескерту жолдай бастады. Google бұл ретте Қазақстанды қауіп деңгейі жоғары мемлекеттердің бірі ретінде атап отыр.

Еліміз Intellexa компаниясының жасырын тыңшылық бағдарламасы қолданылған елдердің тізімінде. Жалпы хакерлік әрекеттерден әлем бойынша жүздеген аккаунт зардап шеккен. Олардың ішінде Орталық Азия елдері – Өзбекстан мен Тәжікстан да бар.

Өткен аптада санкция астындағы Intellexa компаниясының Predator аталатын тыңшылық бағдарламасы әртүрлі елдерде құқық қорғаушыларды, заңгерлерді және журналистерді жасырын бақылау үшін пайдаланылғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары