Шығыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Уk-news.kz сайтының жазуынша, оқиға Шемонайха – Усть-Таловка тас жолында болған. Toyota Corona Premio және Toyota Hilux маркалы екі көлік жол үстінде соқтығысып, салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде қайтыс болған.
Полиция жол-көлік апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған.
Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 2500 адам жол апатынан қаза табады.