Еуропалық одаққа Қазақстанның мұнай мен уран жеткізушісі ретіндегі маңыздылығын ескерту жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мұнай-газ нарығының сарапшысы Олжас Бәйділдиновтың айтуынша, Еуроодақ келер жылы қазақстандықтарға визалық режимді жеңілдетуі мүмкін. Ол мұны Қазақстанның Еуропа энергетикасы үшін стратегиялық маңызы өсіп келе жатқанына байланыстырады.
Еуростат деректері бойынша, Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізу бойынша үшінші орында тұр: үлесі – 13%. Одан жоғары АҚШ (30%) және Норвегия (20%).
- Әрине, Ресейдің мұнайы да түрлі жолдар арқылы ЕО-ға әлі жетіп жатыр. Бірақ жалпы алғанда, біздің ресурстар Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне үлкен үлес қосып отыр (өзімізге де пайдасы көбірек болса ғой). Осы тұрғыдан визаны жеңілдету – баяғыда шешілуі тиіс мәселе. Әйтпесе, “мұнай керек, ал азаматтар…?” деген сарказмға себеп болады. Үміттенейік, 2026 жылы мәселе шешіледі, — деп жазды сарапшы Telegram арнасында.