Радиода соғысқа және Путинге қарсы сөз сөйлеген Нұрлан Акинжанов Ресейден Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Санкт-Петербург сотында қазақстандық азаматтың соғысқа тікелей қарсы пікір білдірмегені айтылған. Алайда полицейлер оны «пацифистік көзқарасты білдіруші» деп бағалаған. Бұған дейін сотқа келмеген Акинжанов Ресей армиясына қатысты жалған ақпарат айтуы бойынша 30 мың рубль (шамамен 200 мың теңге) айыппұл төлеген.
Құзырлы органдар енді оның Ресейден Қазақстанға депортацияланғанын мәлімдеді. Ол Ресейде тамыз айынан бері жүрген. Басылым дереккөздері Акинжановтың бұған дейін мәжбүрлеп психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын да хабарлады.
КОНТЕКСТ
Қараша айының соңында Санкт-Петербургте 52 жастағы ер адам радиостудияға басып кіріп, эфирді басып алған. Ол сол жерде ядролық бомбалар мен Путин туралы мәлімдемелер жасаған. Бұған дейін қазан айының ортасында, дәл сол Акинжанов курьер кейпінде «Питер FM» радиостудиясына кіріп, эфирде «танымал пацифистік ұранды» айтуды көздегені хабарланған.