×
508.3
592.17
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.3
592.17
6.63

ШҚО-дағы үш әуежайдың құрылысы қашан аяқталады?

Бүгін, 12:26
ШҚО-дағы үш әуежайдың құрылысы қашан аяқталады?
Ulysmedia.kz коллажы

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі әуежайларының құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ластаевтың сөзінше, әуежай құрылыстары биыл басталған. 

- Біздің ойымызша, келесі жылдың соңына дейін үш әуежай құрылысы бітеді. Зайсан әуежайын келесі жазғы маусымды бастау үшін ашамыз деп ойлаймыз. Одан соң Катонқарағай, сосын Кендірлі әуежайы кезекте. Бірақ үш әуежайдың құрылысын келесі жылы бітіреміз. Билет құнына алғашқы кезде субсидия береміз. Орташа бағасы 20 мыңның айналасында болады, – дейді Ластаев. 

КОНТЕКСТ

Катонқарағайдағы курорттық аймақтағы әуежай Белқарағай ауылы маңында, 266 гектар аумақта бой көтеріп жатыр. Жоба аясында ұзындығы 2200 метр ұшу-қону жолағы салынады. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыға дейін жетеді.

Зайсан әуежай құрылысы Сәтпай ауылының жанында, Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым қашықтықта орналасқан бұрынғы әскери аэродром аумағында жүргізіліп жатыр. Жобаға 184 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Бұл аумақтың орналасуы, климаттық ерекшеліктері және көлік жолдарының қолжетімділігі ескеріліп таңдалған. Жоспар бойынша жаңа әуежайдың ұшу-қону жолағының ұзындығы 2200 метр болады.

 

Серіктес жаңалықтары