×
508.3
592.17
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.3
592.17
6.63

Ресейде радиоға басып кіріп, соғысқа қарсы ұран айтқан Қазақстан азаматына айыппұл салынды

Бүгін, 15:44
Ресейде радиоға басып кіріп, соғысқа қарсы ұран айтқан Қазақстан азаматына айыппұл салынды
Скриншот

Ресейдегі радио кеңсесіне кіріп, соғысқа қарсы ұрын айтқан Қазақстан азаматына сот шешімімен айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Қазақстан азаматы, 52 жастағы Нұрлан Ақынжановқа 30 мың рубль айыппұл салды. Оның үсіненен Ресей армиясын «қаралау»туралы әкімшілік іс қозғалған. Бұл туралы Петербург қалалық соты баспасөз қызметі хабарлады. Ақынжановтың өзі сот отырысына қатыспаған.

30 қарашада Ақынжанов «Шок» радиосының кеңсесіне бас-көктеп кірген. Сол уақытта радиоға Ресейдің Украинадағы соғысын қолдайтын «Вече» баспасының редакторы Глеб Стафеев сұхбат беріп жатқан.

«Ол кенет кіріп келіп, жүргізушіні салып жіберді, отырып алып, қазір бәрін жарып жіберемін деп мәлімдеді. Онысы құр сөз болып шықты, бірақ сол сәтте мен олай екенін білген жоқпын. Айтарын айтып болған соң, ол полиция қызметкерлеріне өзі берілді», – деген Стафеев.

Бұдан бөлек, Глеб Стафеев Ақынжанов студияда «Владимир Путиннің саясатына қарсылық» білдіріп, «Украина – бауырлас ел» екенін және Путин «ол елмен келісімге келе алатынын» айтқан.

Нұрлан Ақынжанов осыған дейін де Петербургтегі «Питер FM» радиостанциясының кеңсесіне кіріп, соғысқа қарсы ұрандарын айтқан. Сол уақытта ресейлік БАҚ оның үстінен «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырылғанын жазған.

Нұрлан Ақынжанов Ресейге биыл тамыз айының аяғында турист ретінде ұшып барған және Петербург қаласында тұрған.

Серіктес жаңалықтары